
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті.
Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков 92 кг дейінгі салмақтың кіші финалында жапониялық Такаши Ишигуроны жықты. Есеп: 6-0.
Осыған дейін отандасымыз Болат Сақаев (-86 кг) қола жүлдеге бахрейндік Хидир Құрбан Саипудиновпен қола жүлдеге таласты. Тартысты өткен белдесуде қарсылас 1-2 есебімен басым түсті.
Енді біраздан соң тағы бір отандасымыз аса ауыр салмақтағы Едіге Қасымбек қола жүлдеге таласады.