
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдар өтіп жатыр.
Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған отандасымыз Нұрбек Оралбай (-85 кг) Жасурбек Юлдошевпен (Өзбекстан) кездесіп, жеңіске жетті. Есеп: 5-0.
Нұрбек осыған дейін 2022 жылы Амманда өткен сары құрлық чемпионатында қола медаль алған.
Енді Қазақстан құрамасы сапынан ақтық сында бір отандасымыз - Айбек Оралбай (+90 кг) қалды.
Бүгін -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов (-75 кг) алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан (-70 кг) күміс медаль еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.