
Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден өтіп жатқан сары құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жылдамдық сайысының іріктеу кезеңдері өтуде.
Нәтижесінде қазақстандық Әмір Маймұратов, Ришат Хайбуллин және Дамир Тоқтаров 1/8 айналымға шықты.
Өкінішке қарай, қалған спортшыларымыз іріктеу кезеңінен аса алмады.
Енді ел намысын қорғайтын отандастарымыз 1/8 финалда өнер көрсетеді. Келесі кезең бүгін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады.