Грек-рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Грек-рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Тәжірибелі отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов (-87 кг) қола медаль үшін белдесуде түркіменстандық Довлетмұрат Байрамовты жығып, үздік үштікті түйіндеді.

Ертеректе Қаһарман Қисметов -77 кг салмақта қола медаль үшін үшін күресіп, өзбекстандық палуанға есе жіберді.