
Бүгін Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі мәресіне жетті.
Шешуші жарыс күні ерлер даянгқа шығып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
🥇Батырхан Төлеуғали (-87 кг) U21 санатында әлем чемпионы
🥈Абылайхан Мергенбай (-63 кг)
🥈Эльдар Бірімбай (-74 кг)
🥉Бейбарыс Қабылан (+87 кг) U21 санатында әлем чемпионы
Айта кетейік, кеше ересектер арасында Қазақстан әйелдер командасы 1 күміс, 4 қола жүлдеге ие болған. Олар:
🥈 Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;
🥉 Нодира Ахмедова (49 кг) қола;
🥉 Мария Севостьянова (-53 кг) қола;
🥉 Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;
🥉 Назым Махмутова (+73 кг) қола;
Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысты.