Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 11 медаль бар

Бүгін Филиппин мемлекетінің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша ересектер санатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 медаль иеленді:

🥇 Кирилл Курдиди - 1000 метр, гит;
🥈 Әлішер Жұмақан - ұпай бойынша топтық жарыс;
🥈 Әлішер Жұмақан - 10 шақырым скрэтч;
🥈 Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов - 50 шақырым мэдисон;
🥉 Рината Сұлтанова - із қуу жарысы.

Жасөспірімдер құрамасы 6 медальға қол жеткізді.

🥇 Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Аружан Смайылқанова, Әлия Бұқаева - командалық жарыс;
🥇 Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова - мэдисон;
🥇 Әнел Ташбай - 3 шақырым жекелей жарыс;
🥈 Мұрат Күйітенов - омниум;
🥈 Аружан Қабдулова - ұпай бойынша топтық жарыс;
🥉 Зейнолла Азаматұлы.