Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды

Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні аяқталды.

Ерлер арасындағы 1 шақырым бәсекеде Кирилл Курдиди сары құрлық чемпионы атанды.
Жүлдегерлер мынадай:
1. Кирилл Курдиди (Қазақстан) - 59.915 секунд.
2. Хан Ксие (Қытай) - 59.929
3. Риото Ичида (Жапония) - 1:00.614.

​Айта кетейік, бұл - Тагайтайдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы иеленген алғашқы алтын медаль. Осыған дейін элита санатында өнер көрсеткен отандық велошабандоздар 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.