Türkiye Open: ересектер арасындағы жарысты қазақ таеквондошылары 5 медальмен бастады

Türkiye Open: ересектер арасындағы жарысты қазақ таеквондошылары 5 медальмен бастады

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі жалғасып жатыр.

Ересектер арасындағы жарыс күні әйелдер бастады. Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді:
🥈 Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;
🥉 Нодира Ахмедова (49 кг) қола;
🥉 Мария Севостьянова (-53 кг) қола;
🥉 Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;
🥉 Назым Махмутова (+73 кг) қола;

Турнирдің қорытынды күнінде ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі.

Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысып жатыр.