Велотрекшілеріміз  Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Велотрекшілеріміз  Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Велотректен Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ересектер құрамасы алғашқы жүлдесін еншіледі.

Ерлер арасындағы топтық жарыста Әлішер Жұмақанов күміс жүлдегер атанды.

🥇🇯🇵 Канта Умезава — 124 ұпай
🥈🇰🇿 Әлішер Жұмақанов — 72
🥉🇰🇷 Кён-Хо Мин — 65

Әйелдер арасындағы із кесу жарысында Рината Сұлтанова қола медаль иеленді.

🥇🇨🇳 Суван Вэй
🥈🇯🇵 Цуяка Учино
🥉🇰🇿 Рината Сұлтанова

Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы екі алтын медаль алған болатын.

Сары құрлықтың додасы 31 наурызда мәресіне жетеді.