
Мәнерлеп сырғанаудан Чехия астанасы Прагада әйелдер арасындағы жүлдегерлер анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, 187.53 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.
Софья 2025 жылы Бостондағы жаһандық додада дебют жасап, 14-орын алған болатын.
Ал чемпиондық атақ өзінің спорттық мансабында соңғы мәрте мұз айдынында сырғанаған Каори Сакамотоға бұйырып, 4 дүркін әлем чемпионы атанды.
Жүлдегерлер:
1-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 238.28 ұпай
2-орын. Монэ Чиба (Жапония) - 228.47 ұпай
3-орын. Нина Пиндзарроне (Бельгия) - 215.20 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина - 187.53 ұпай
Айта кетейік, әлем чемпионатының тарихында әйелдер арасында 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет төрттік сальхов секірісін орындап, күміс жүлдені жеңіп алған болатын.