Қазақстан жасөспірім командасы Азия чемпионатында екінші алтын жүлде иеленді

Қазақстан жасөспірім командасы Азия чемпионатында екінші алтын жүлде иеленді

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы велотректен Азия чемпионатында 3-жарыс күні аяқталды.

​Жасөспірім қыздар арасындағы 20 шақырым мэдисон жарысында Аружан Қабдулова мен Әнел Ташбай алтын медаль жеңіп алды (105 ұпай). Отандастарымыз Өзбекстан (64 ұпай) және Қытайдың Тайпей командасы (1 ұпай) спортшыларын айқын басымдықпен артта қалдырды.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы (Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әнел Ташбай, Әлия Бақаева) ір кесу жарысында үздік шыққан.

​Өкінішке қарай, элита (ересектер) санатындағы спортшыларымыз жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Әйелдер арасындағы омниум бағдарламасында Рината Сұлтанова бесінші орын алса, ерлер арасында Әлішер Жұмақан жетінші сатыға тұрақтады.

Азия чемпионаты 31 наурызда мәресіне жетеді.