Садақ атудан Қазақстан командасы Азия кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды

Садақ атудан Қазақстан командасы Азия кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкокта садақ атудан Азия кубогы кезеңінің алғашқы финалдары өтті.

Нәтижесінде Ұлттық құрама еншісінде 3 алтын және 1 қола медаль бар. Олар:

🥇Блокты садақтан Қазақстан әйелдер командасы (Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Юнусова). Отандастарымыз ақтық бәсекеде Үндістан спортшыларынан басым түсті. Есеп: 229-227.

🥇Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Дәулеткелді Жаңбырбай). Шешуші сында спортшыларымыз Үндістаннан басым түсті.

🥇Классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы (Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова). Біздің мергендер финалда Қытай құрамасын жеңді.

🥉Блокты садақтан Қазақстан командасы (микст). Виктория Лян мен Бунёд Мирзаметов кіші финалда Сингапурдан келген қарсыластарынан айласын асырды. Есеп: 152-151.