Асан Асылхан Айролода жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Асан Асылхан Айролода жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық фристайл-акробатшы Асан Асылхан алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз жекелей сында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, финалда 103.35 ұпай жинап, жеңімпаз болды.

Сондай-ақ бұл бағдарламада қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал қола медаль Беларусь өкілі Владислав Вазнюкке (92.00) бұйырды.