Түркістанда асық ату спорты бойынша Әлем кубогі өтеді

Түркістанда асық ату спорты бойынша Әлем кубогі өтеді

2026 жылдың 19–21 наурыз аралығында Түркістан қаласында асық ату спорты бойынша Әлем кубогі өтеді.

Асық ату - қазақ халқының ұлттық құндылығына айналған спорт түрі. Қазіргі таңда бұл спорт халықаралық деңгейде қарқынды дамып, әлем және Азия чемпионаттары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Әлем кубогіне 10 елден спортшылар қатысады деп күтілуде.

Жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, «Көшпенділердің асық спорты» халықаралық федерациясы және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастыруда.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2 400 000 теңге.

Ел намысын ұлттық құрама мүшелері Айтқұлов Амандос (Түркістан облысы), Асанқұл Нұрбек (Ақмола облысы), Әскер Сания (Солтүстік Қазақстан облысы), Есембекова Айдана (Түркістан облысы) қорғайды.