Милад Карими Бакудағы әлем кубогында жүлделі болды

Милад Карими Бакудағы әлем кубогында жүлделі болды

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының 2-кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими тұғыр сатысына көтерілді.

Отандасымыз еркін жаттығудың финалында 14.300 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Милад осы дисциплинада 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін айта кетейік.

Еркін жаттығу, жүлдегерлер:
1. Егор Шарамков (Бейтарап атлет, Беларусь) 14.533 балл
2. Милад Карими (Қазақстан)
3. Минами Казуки (Жапония) 14.200 балл

Бүгін қос сырық финалында отандасымыз Дмитрий Патанин 7-сатыдан көрінді.

Ертеңгі финалдарда Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов (тұтқалы ат снаряды), Милад Карими, Диас Тойшыбек (керме) өнер көрсетеді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП