
Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Спринтерлік көпсайыста Қазақстан намысын қорғаған Арина Ильященко мен Артур Галиев 500 және 1000 метрде бақ сынады. Айта кетейік, жеңімпаздар екі қашықтық бойынша өткен барлық төрт жүгірудің қорытындысымен анықталды. Нәтижесінде Арина 155.335 ұпаймен 15-орынға ие болса, Артур 141.720 ұпаймен 21-орынға табан тіреді.
Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:
Жеңіс тұғырының алғашқы үш сатысын түгелдей Нидерланды спортшылары иеленді:
1. Фемке Кок (146.670) Нидерланд
2. Сюзанне Схюлтинг (148.935) Нидерланд
3. Маррит Фледдерус (150.305) Нидерланд
Ерлер арасындағы жүлдегерлер:
1. Йеннинг де Бу (134.670) Нидерланд (әлем рекордын тіркеді)
2. Джордан Штольц (135.500) АҚШ
3. Нин Чжунъянь (136.755) Қытай