Конькимен жүгіруден аруларымыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында командалық спринтте жеңіске жетті

Конькимен жүгіруден аруларымыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында командалық спринтте жеңіске жетті

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Варвара Глухова, Анастасия Беловодова және Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы медаль саны алтауға жетті. Бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ көпсайыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болды.

Бүгін қазақстандық спортшылар тағы бір медаль үшін бақ сынайды. Анастасия Беловодова, Кристина Шумекова, Михаил Матрюхин және Руслан Жаңаділов аралас эстафетада ел намысын қорғайды.