Muhamet Malo рейтингтік турнирі: Грек-рим күресінен Мейіржан Шермахамбет алтын медаль иеленді

Muhamet Malo рейтингтік турнирі: Грек-рим күресінен Мейіржан Шермахамбет алтын медаль иеленді

Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі жүлдеге қол жеткізді.

67 келі салмақта Мейіржан Шермахамбет алтын медаль иеленді. Финалда ол грузиялық Диего Чхиквадзені жеңіп, ел қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтынды салды.

Ал 63 келі салмақта бақ сынаған Ернұр Фидахметов қола медаль иеленді.