Милан Олимпиадасы: Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков 50 шақырым масс-стартқа қатысты

Милан Олимпиадасы: Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков 50 шақырым масс-стартқа қатысты

XXV қысқы олимпия ойындарында ерлер арасында классикалық стильмен 50 шақырым шаңғы жарысынан жүлдегерлер белгілі болды.

Ұлттық құрама сапынан Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков сынға түсті. Нәтижесінде алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатқан Әмірғали Мұратбеков 46-орынға тұрақтады. Ал Наиль Башмаков жарысты толық аяқтай алмады.

Ерлер, 50 км масс-старт жүлдегерлері:
1. Йоханнес Клебо (Норвегия) 2 сағат, 7 минут, 07.1 секунд (бір қысқы Олимпиадада 6 алтын алған тұңғыш атлет)
2. Мартин Нюэнгет (Норвегия)
3. Эмиль Иверсен (Норвегия)

Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады.

Ертең, 22 ақпанда Валь-ди-Фьемме алқабындағы Тезеро стадионында әйелдер осы дисциплинада күш сынасады.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі