XXV қысқы Олимпиада: Яна Хан мен Ольга Тихонова 1500 метрге жарыста бақ сынады

XXV қысқы Олимпиада: Яна Хан мен Ольга Тихонова 1500 метрге жарыста бақ сынады

Италияның Милан қаласында қысқы олимпия ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 1500 метрге жарыста жүлделер сарапқа салынып жатыр.

Бүгін жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері Яна Хан мен Ольга Тихонова шықты.

Яна ширек финалда 3:08.414 секунд нәтиже көрсетіп, екінші топта 5-сатыдан көрінді. Ал Ольга өз тобында мәреге төртінші болып жетті (2:30.169 секунд). Отандастарымыз келесі кезеңге шыға алмады.

Фото: Сали САБИРОВ