
Милан қаласында қысқы Олимпиаданың конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метрге жарыстағы жүлдегерлері анықталды.
Бұл бағдарламада ел намысын Надежда Морозова, Арина Ильященко мен Елизавета Голубева қорғады. Назарыңызға Ұлттық құрама спортшыларының нәтижесін ұсынамыз:
Елизавета Голубева 7-орын (1.54:86 секунд) карьерасындағы екінші Олимпиада.
Надежда Морозова 12-орын (1.55:76 секунд) карьерасындағы екінші Олимпиада.
Арина Ильященко 24-орын (1.58.43 секунд) карьерасындағы алғашқы Олимпиада.
Әйелдер, 1500 м. Жүлдегерлер:
1. Антуанетта Рейпма-де Йонг (Нидерланд)
2. Рагне Виклунд (Норвегия)
3. Валери Мальте (Канада)
Енді ертең Милан қаласында спорттың осы түрінен соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Әйелдер арасында масс-стартта отандасымыз Елизавета Голубева бақ сынайды. Республикалық телеарналарда трансляция Астана уақытымен сағат 19:50-де басталады.
Қазір Қазақстан 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 19-сатыда тұр.
Еске сала кетейік, конькимен жүгіруден қысқы олимпия ойындарында Қазақстан еншісінде 1 медаль бар. Наганода 1998 жылы өткен өткен бәсекеде отандасымыз Людмила Прокашева 5000 метрге жарыста 3-орын алған.
Фото: Сали САБИРОВ