Олимпиадада ТОП-7-ге енген Денис Никиша: жеке рекорд және әлемдік шорт-трек элитасымен тартыс

Олимпиадада ТОП-7-ге енген Денис Никиша: жеке рекорд және әлемдік шорт-трек элитасымен тартыс

Миланда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-орынға ие болды. B финалында ол 41,948 секунд көрсеткішін тіркеп, халықаралық деңгейде өзінің жаңа жеке рекордын орнатты.

Денистің бүгінгі жарыстағы жолы оңайға түспеді:

ширек финалда үшінші болып мәреге жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге өтті;
жартылай финалда өте тығыз өткен жарыста төртінші орын алып, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондарынан бірнеше милисекундқа ғана қалды;
финалдық жарыста ол Олимпиада чемпионы Шаоан Люге (Қытай) жол беріп, екінші орынмен аяқтады. Бұл ойындар Никиша үшін мансабындағы төртінші Олимпиада болды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады. Отандасымыз өз тобында бесінші болып келді.

Айта кету керек, бұл спортшы да қатарынан төртінші Олимпиадаға қатысып, әлемнің ең мықты спринтерлерінің қатарында екендігін дәлелдеді. Алдыңғы Олимпиадада ол жүлдеге бір қадам ғана жетпей, төртінші орын алған еді. Бұл нәтиже шорт-тректен отандық тарихтағы ең үздік көрсеткіштің бірі болып қала береді.

Фото: Сали САБИРОВ