
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтық бәсекенің 1/4 финалы басталды.
Ширек финалдың 1-тобында әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Денис Никиша бақ сынады. Нәтижесінде отандасымыз 3-орынға берілген қосымша жолдаманың арқасында жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
1️⃣🇨🇦Стивен Дюбуа (Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы) - 40.377 секунд
2️⃣🇳🇱Тён Бур (әлем чемпионы) - 40.412 секунд
3️⃣🇰🇿Денис Никиша (әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - 40.562 секунд
4️⃣🇺🇸Эндрю Хо (әлем чемпионатының қола жүлдегері)
🇭🇺Вон-жун Мун (жасөспірімдер арасында әлем чемпионы) - жарыстан шеттетілді
Айта кетейік, Денис Никиша өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына қатысып жатыр.
Фото: Сали САБИРОВ