Милан-Кортина-2026: Александра Скороходова слалом бағдарламасында жарысқа қатысты

Милан-Кортина-2026: Александра Скороходова слалом бағдарламасында жарысқа қатысты

Бүгін Италияның Бормио курортында Милан-Кортина Олимпиадасында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы кезекті жүлделер сарапқа салынып жатыр. Слалом бағдарламасының алғашқы айналымында отандасымыз Александра Скороходова сынға түсті.

Ұлттық құрама спортшысы алғашқы мүмкіндігінде жарыс жолынан шығып қалып, мәреге жете алмады. Енді шаңғышылар бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-да екінші айналымды бастайды. Мұнда үздік уақыт көрсеткен ТОП-30 шаңғышы жүлдеге таласады.

Осымен Александра Скороходова мен Ростислав Хохлов үшін XXV қысқы Олимпиада аяқталды. Бұл олардың карьерасындағы ересектер арасындағы алғашқы ойындар. Скороходова мен Хохлов Оңтүстік Кореяда 2024 жылы өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан.

Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларындағы қысқы Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Фото: Шамкен БАЙЫРБЕК