Аяна Жолдас Милан Олимпиадасында сынға түсті

Аяна Жолдас Милан Олимпиадасында сынға түсті

Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы олимпия ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл сында IX қысқы Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас өнер көрсетті. Отандасымыздың 2 іріктеу кезеңіндегі жоғары ұпайы - 61.11 балл (21-орын). Осы нәтижемен ол ТОП-12 қатарына кіре алмады.
Бұл 24 жастағы Ұлттық құрама спортшысы қатысып жатқан екінші Олимпиада. Ол 2018 жылы Пхёнчхан ойындарында 24-сатыдан көрінген.

Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік 6, екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Финал-1 бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Ол жерде 12 спортшының алтауы үлкен финалға шығады.

Ерлер арасындағы квалификация ертеңге жоспарланған.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП