
Бүгін XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан ерлер командалары арасындағы спринт бәсекесі өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы іріктеуде 6 минут, 35.34 секунд уақыт көрсеткішімен 27-сатыға орналасты. Отандастарымыздан алғаш болып сайысты Наиль Башмаков бастаса, одан кейін Әмірғали Мұратбеков сынға түсті. Олар көш басындағы АҚШ командасынан 49.62 секунд қалып кетті. Бұл Мұратбеков пен Башмаковтың карьерасындағы алғашқы олимпия ойындары.
Енді іріктелген үздік 15 құрама біраздан кейін «Тезаро» шаңғы стадионында өзара жүлдені сарапқа салады.
Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады.
Жалпы спорттың осы түрінен Миландағы Олимпиадада 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынып жатыр.
Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ