Милан-Кортина-2026: 18 жастағы Ростислав Хохлов слалом дисциплинасында өнер көрсетті

Милан-Кортина-2026: 18 жастағы Ростислав Хохлов слалом дисциплинасында өнер көрсетті

Бүгін Италияның Бормио тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпия ойындарында ерлер арасында шаңғы жарысының слалом дисциплинасындағы жарыс өтіп жатыр.

Отандасымыз Ростислав Хохлов алғашқы бөлікте жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай, күн райының қолайсыздығынан 50-ден астам атлет мәреге жете алмады. Бұл қатарда Ростислав та бар.

Енді қалған спортшылар бүгін Астана уақытымен 17:30-да осы бағдарламадағы екінші мүмкіндігін пайдаланады. Жүлдегерлер екі уақыт нәтижесінің қосындысынан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, ересектер арасында алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатқан 18 жастағы Ростислав бірнеше күн бұрын гигант-слалом дисциплинасында 51-сатыдан көрінген. Ұлттық құрама өкілі үшін Милан Олимпиадасы аяқталды. Алда 18 ақпанда Александра Скороходова ғана бақ сынайды. 

Фото: ҚР ҰОК