Абзал Әжіғалиев Милан Олимпиадасының ширек финалына тікелей жолдама алды

Абзал Әжіғалиев Милан Олимпиадасының ширек финалына тікелей жолдама алды

Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы басталды.

Мұнда әлем кубогы кезеңнің және Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжіғалиев пен әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, осы Олимпиадада Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша сынға түсті.

Абзал 2-топтағы жарыста мәреге бірінші болып келіп, ширек финалға жолдама алды. Алда Денис өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Әжіғалиев пен Никиша үшін бұл карьерасындағы төртінші Олимпиада.

Енді ширек финалдан бастап ақтық сын бәсекесі 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді.