Денис Никиша Милан Олимпиадасының ширек финалында сынға түседі

Денис Никиша Милан Олимпиадасының ширек финалында сынға түседі

Бүгін Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы өтті.

«Сан-Сиро» стадионындағы салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Мемлекеттік туын ұстап шыққан Денис Никиша 3-топта сынға түсіп, мәреге үшінші жетті (40.818 секунд). Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Никиша уақыт көрсеткіші бойынша ширек финалға шықты.

Санаулы сəттер бұрын тағы бір отандасымыз Абзал Әжғалиев өз тобында 1-орын келесі кезеңге өткен.

Енді ширек финалдан бастап ақтық сын бәсекесі 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді. Айта кетейік, Әжғалиев пен Никиша үшін бұл карьерасындағы төртінші Олимпиада.