Конькимен жүгіруден Кристина Силаева мен Арина Ильященко Олимпиаданың кезекті күнін аяқтады

Конькимен жүгіруден Кристина Силаева мен Арина Ильященко Олимпиаданың кезекті күнін аяқтады

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жүлде сарапқа салынды. Қазақстан атынан Кристина Силаева ТОП-20-ға кірді.

500 метр мен 1000 метрдегі сайыста да Фемке Кок, Ютта Лердам, Михо Такаги жүлдегер атанды.

1.Фемке Кок (Нидерланд) - 36.49 секунд
2.Ютта Лердам (Нидерланд) - 37.15 секунд
3.Михо Такаги (Жапония) - 37.27 секунд

18-орын. Кристина Силаева - 38.33 секунд
29-орын. Арина Ильященко - 39.38 секунд

Айта кетейік, Кристина Силаева 2025 жылғы әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта 4-орынға тұрақтаған.

Енді конькимен жүгіруден кезекті сайыс 17 ақпанға жоспарланған. Әйелдер арасындағы командалық сайыстың Д финалында Қазақстан құрамасы Қытаймен сынға түседі.

Фото: Сали САБИРОВ