Тау шаңғысынан Александра Скороходова қатысқан сайыста қола жүлде берілмеді

Тау шаңғысынан Александра Скороходова қатысқан сайыста қола жүлде берілмеді

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында тау шаңғысынан алып слалом бағдарламасы шиеленіске толы болды. Бұл ерекше жарыста Александра Скороходова да жүлдеге таласты.

Сайыс барысында екі бірдей спортшының уақыты тең болып қалуына байланысты қос күміс медаль табысталды. Ал қола жүлде ешкімге берілмеді.

Жүлдегерлер:

1-орын. Федерика Бриньоне (Италия) - 2:13.50
2-орын. Сара Хектор (Швеция) - 2:14.12
2-орын. Теа Луиза Стьернесунн  (Норвегия) - 2:14.12

Ал Қазақстан атынан Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.

Сайысқа 76 спортшы тіркелсе де, түрлі себеппен 20 спортшы мәреге жетпеді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП