Павел Колмаков төртінші Олимпиадасын тәмамдады

Павел Колмаков төртінші Олимпиадасын тәмамдады

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында параллельді могулдан ерлер арасында сайыс басталды. Елімізден сынға түскен Павел Колмаков үздік 16 спортшының қатарына кірді.

Плей-офф жүйесі арқылы өткен сайыста отандасымыз 1/16 финалда Франция өкілі Арзур де Виллаукортты 22:13 есебімен жеңді. 1/8 финалда Павел Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, 9 дүркін әлем чемпионы Микаэль Кингсберимен (Канада) жолы түйісіп, жарыс жолын аяқтады.

Павел Колмаков бұған дейін 2014, 2018, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, фристайл-могулдан ең жоғарғы көрсеткіші 7-орын болып тіркелген еді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП