Милана Генева мен Айша Рақышева спринт жарысына қатысты

Милана Генева мен Айша Рақышева спринт жарысына қатысты

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт жарысының үздік үштігі анықталды. Бұл жарыста Қазақстан атынан Милана Генева 88-орынға ие болса, ал Айша Рақышева 91-орыннан көрінді.

Жарыс нәтижелері (7,5 шақырым):

1-орын. Марен Киркейде (Норвегия) - 20:40.8
2-орын. Осеан Мишлон (Франция) - 20:44.6
3-орын. Лу Жанмонно (Франция) - 21:04.5

Ертең ерлер арасында із кесу жарысына жолдама алған (алғашқы 60 спортшының қатарына енген) Владислав Киреев Астана уақытымен сағат 15:15-те жарыс жолына шығады.