Шаңғыдан Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаны аяқтады

Шаңғыдан Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаны аяқтады

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында шаңғыдан әйелдер арасында эстафета сайысы өтті. Әлемнің 19 елі ғана қатысқан бәсекеде Қазақстан арулары да жүлдеге таласты.

4×7.5 эстафета сайысының қорытындысы

1-орын. Норвегия - 1:15:44.8
2-орын. Швеция +50.9 секунд
3-орын. Финляндия +1:14.7

Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко бастаған командамыз 15-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, шаңғыдан Милан-2026 Олимпиадасының басты ерекшелігі - әйелдер мен еркектердің құқығы теңестіріліп, бірдей қашықтықта жүлдеге таласады.

Бейжің Олимпиадасында әйелдер эстафетада 5 шақырымға жүгірсе, биыл 7,5 шақырымға көбейтілді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП