Төрт шаңғышымыз Олимпиаданың жекелей сайысында сынға түсті

Төрт шаңғышымыз Олимпиаданың жекелей сайысында сынға түсті

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада шаңғыдан жекелей сайыс бойынша әйелдер арасында жүлде сарапқа салынды. Қазақстан атынан ең жоғары көрсеткішті Надежда Степашкина тіркеді.

10 шақырым. Жүлдегерлер:

1-орын. Фрида Карлссон (Щвеция) - 22:49.2
2-орын. Эбба Андерссон (Швеция) - 23:35.8
3-орын. Джессика Диггинс (АҚШ) - 23:38.9
63-орын. Надежда Степашкина - 26:42.6
71-орын. Ксения Шалыгина - 27:19.8
75-орын. Дарья Ряжко - 27:42.6
81-орын. Анна Мельник - 28:28.2

Енді ертең ерлер жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, шаңғы спортынан Владимир Смирнов тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы саналады. Ол 1994 жылы Лиллехамерде (Норвегия) топ жарған еді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП