
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада тау шаңғысынан супер гигант бағдарламасынан жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Қазақстан атынан Александра Скороходова мәреге 25-орында жетті.
Жүлдегерлер:
1-орын. Федерика Бриньоне (Италия) - 1:23.41
2-орын. Романи Мирадоли (Франция) - 1:23.82
3-орын. Корнелия Хюттер (Аустрия) - 1:23.93
Жарыс барысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 17 спортшы мәреге жете алмады. Ол тізімде 7 Олимпиада чемпионы мен 1 әлем чемпионы бар