Фристайлшы Павел Колмакова финалда өнер көрсетті

Фристайлшы Павел Колмакова финалда өнер көрсетті

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада фристайл-могулдан ерлер арасындағы финалдық бәсекелер өтіп, келесі кезеңге өткен 8 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан сынға түскен Павел Колмаков 75.70 ұпаймен 16-орынға тұрақтады.

Ол ең үздік көрсеткішін Бейжің Олимпиадасында (7-орын) тіркеген еді.

Фристайлдан отандастарымыздың кезекті сайысы 14 және 15 ақпанға жоспарланған.

Айта кетейік, Павел Колмаков 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері саналады. Ол өз мансабында төртінші қысқы Олимпиадасына қатысып жатыр.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП