Фристайлшы аруларымыз финалда бақ сынады

Фристайлшы аруларымыз финалда бақ сынады

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер басталып, келесі кезеңге өткен 8 спортшының есімі анықталды. Елімізден сынға түскен үш спортшымыз да ТОП-20-ға кірді.

Ұпай қорытындысы:

Юлия Галышева -  72.34 ұпай
Анастасия Городко - 72.15 ұпай
Аяулым Әмренова - 68.47 ұпай

Аруларымыз енді 14 ақпан күні Олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған параллельді могулда жүлдеге таласады.

Айта кетейік, 33 жастағы Юлия Галышева фристайл-могулдан 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері саналады.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП