
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров алғашқы бәсекесін аяқтады. Ол 10 шақырымды құрайтын шаңғы жарысында 38:48.0 уақыт нәтижесін тіркеп, 32-орынмен аяқтады.
Жарыс жүлдегерлері
1.Енс Лурос Офтебру (Норвегия) - 29:59.4
2.Йоханнес Лампартер (Аустрия) - 30:00.4
3. Ээро Хирвонен (Финляндия) - 30:01.9 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)
Енді Шыңғыс Рақпаров кезекті сайысына 17 ақпан күні шығады.
Айта кетейік, Норвегия мен Германияда жаттығатын отандасымыз 2022 жылы Бейжің Олимпиадасында осы спорттан дебют жасап еді.