3 фристайлшымыз да қысқы Олимпиаданың финалына өтті

3 фристайлшымыз да қысқы Олимпиаданың финалына өтті

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші іріктеу кезеңінде финалдың 10 жолдамасы сарапқа салынды. Олардың арасынан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева, Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова үздіктердің қатарына енді.

Ұпай қорытындысы:

5-орын. Юлия Галышева -  73.08 ұпай
7-орын. Анастасия Городко - 71.52 ұпай
10-орын. Аяулым Әмренова - 68.98 ұпай.