Грек-рим күресінен жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы

Грек-рим күресінен жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы

9–16 ақпан аралығында «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 45а, «Сарыарқа» велотрегі.

Курсқа Шымкент қаласы мен еліміздің 15 өңірінен 135 жаттықтырушы қатысуда.

Бағдарламада спорттық дайындықтың ұлттық стандарты, допингке қарсы бақылау, оқу-жаттығу процесін жоспарлау, спорттық психология, төрешілік талаптары, спортшылардың тамақтануы, алғашқы медициналық көмек және спорттық жарақаттың алдын алу мәселелері қамтылған.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар тестілеуден және спорттық дайындықтың ұлттық стандарты бойынша біліктілік тестінен өтеді. Тестілеу нәтижелері оң болған жағдайда қатысушыларға біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы куәлік және біліктілік тестін тапсырғаны туралы сертификат табысталады.