
Бүгін Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада биатлоннан екінші жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
20 шақырым қашықтықты құрайтын ерлер сайысында Владислав Киреев 58:49.4 уақыт көрсеткішімен 52-орынға табан тіреді. Ал Әсет Дюсенов 1:01:20.2 көрсеткішімен 74-орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар:
1-орын. Йохан-Олав Ботн (Норвегия) - 51:31.5 (нысананың барлығына дөп тигізді)
2-орын. Эрик Перро (Франция) - 51:46.3
3-орын. Стурла Холм Легрейд (Норвегия) - 52:19.8
Айта кетейік, ертең «Антерсельва аренада» әйелдер жүлдеге таласады.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП