
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада шорт-трек сайысы әйелдер сайысымен басталды.
500 метр қашықтықта Ольга Тихонова өз тобында Олимпиаданың басты фавориті Ксандра Велзебурмен (Нидерланд) бірге жүгірді. Нәтижесінде отандасымыз 46.352 нәтижесімен іріктеу кезеңінен аса алмады.
Яна Хан өз жүгірісінде 2 дүркін әлем чемпионы Михелле Велзебур (Нидерланд) мен 2 дүркін Олимпиада чемпионы Арианна Фонтананың (Италия) қарқынына ілесе алмады. Ол 1:19.722 уақыт көрсеткішін тіркеді.
Енді 1000 метр қашықтықта Денис Никиша сайысқа түседі.
Фото: Сали САБИРОВ