Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль иеленді

Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль иеленді

Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Boxam Elite халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Қазақстан ерлер құрамасы 5 алтын, 3 күміс пен 4 қола жүлдеге ие болса, әйелдер командасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қолаға қол жеткізді.

Біздің жүлдегерлер:

Алтын – Санжар Ташкенбай (-50 кг)

Алтын – Махмұд Сабырхан (-55 кг)

Алтын – Төрехан Сабырхан (-70 кг)

Алтын – Нұрбек Оралбай (-85 кг)

Алтын – Айбек Оралбай (+90 кг)

Алтын – Умида Садықова (+80 кг)

Күміс – Аман Қонысбеков (-70 кг)

Күміс – Сағындық Тоғамбай (-90 кг)

Күміс – Нұрасыл Асылхан (+90 кг)

Күміс – Назерке Серік (-65 кг)

Күміс – Панар Сейітханқызы (+80 кг)

Қола – Нұрзат Оңғаров (-50 кг)

Қола – Нұрбек Мұрсал (-70 кг)

Қола – Тимур Нұрсейітов (-75 кг)

Қола – Азамат Бектас (-80 кг)

Қола – Элянур Турганова

Қола – Гузаль Садықова

Биыл 40-рет өткен бәсеке Қазақстан ерлер командасы үшін Нұржан Насановтың жетекшілігімен барған алғашқы турнир болды.

Жалпы «Boxam Elite» жарысына Қазақстан ерлер командасы сапында 10 салмақта 18 боксшы, әйелдер командасы 9 салмақта 14 былғары қолғап шеберін алып барды. Дәл осындай көп құраммен Украина мен Англия да қатысты.