Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды

Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды

Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды.

Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы спорттың 10 дисциплинасы бойынша бақ сынайды. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер және 18 әйел спортшы бар.

Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Команда сапындағы ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан, ол небәрі 16 жаста. Ал ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшы – шорт-тректен ел намысын қорғайтын Абзал Ажгалиев, жасы 33-те.

Құрамадағы ең тәжірибелі спортшылардың бірі – фристайл-могул шебері Юлия Галышева. Ол 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, сондай-ақ 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Айта кетейік, Қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.