Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында үздік бестікке кірді

Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында үздік бестікке кірді

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде өтіп жатқан (22-25 қаңтар) Төрт құрлық чемпионатының ерлер арасындағы сайыс өз мәресіне жетті.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Милан-2026 Олимпиадасының жолдама иегері Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 175.65 ұпай жинап, жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.

Енді отандасымыз 6 ақпан күні басталатын Милан Олимпиадасына дайындығын жалғастырады.

Жалпы есеп:

🥇🇯🇵Као Миура (Жапония, 2023 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы) - 273.73 ұпай
🥈🇰🇷Чха Джунхван (2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - 273.62 ұпай
🥉🇯🇵Сота Ямамото - 270.07 ұпай
5️⃣🇰🇿Михаил Шайдоров - 266.20 ұпай

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2025 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Төрт құрлық чемпионатында топ жарған болатын.

Биылғы бәсекеде Азия, Африка, Америка, Океания құрлықтарындағы 17 мемлекеттен 100 спортшы бас қосты.