Александра Скороходова Италиядағы жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды

Александра Скороходова Италиядағы жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды

Тау шаңғы спортынан Ұлттық құрама спортшысы Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз алып FIS старт жарысында үздік нәтиже көрсетіп, топ жарды.

🥇 🇰🇿 Александра Скороходова (Қазақстан) . Уақыты - 1:37.70
🥈 🇨🇦 Симона Сент-Пьер (Канада) - 1:38.23
🥉 🇺🇸 Ноэль Рот (АҚШ) - 1:38.61