
Бүгін қазақ гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қатар мемлекетінің астанасы Дохада өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Отандасымыз 15 раундта 11 ұпай жинады. 2025 жылғы блицтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесі:
Бибісара Асаубаева – 1 орын (Қазақстан)
Анна Музычук – 2 орын (Украина)
Элайн Роберс - 3 орын (Нидерланд Корольдігі)
Чжу Цзинер – 3 орын (Қытай)
Осы жеңістің арасында Бибісара 2026 жылғы әлем чемпионатына үміткерлер турниріне жолдама алды.
Айта кетейік, бәсеке 25-31 желтоқсан аралығында Дохада өтті. Мұнда әйелдер арасында 42 мемлекеттен 140 қатысушы, оның ішінде 132 халықаралық шебер бақ сынады. Чемпионат басында өткен рапид турнирінде Асаубаева ТОП-20 ойыншы қатарына кірген.