
Бұл күндері Хамарда (Норвегия) конькимен жүгіруден әлем Кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр.
Әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта сынға түскен қазақстандық Надежда Морозова 1:54.98 секунд нәтижесімен мәреге екінші болып жетіп, күміс медаль иеленді.
🥇🇯🇵 Михо Такаги - 1:54.95
🥈🇰🇿 Надежда Морозова - 1:54.98
🥉🇳🇴Рагне Виклунд - 1:55.18.
Сондай-ақ бұл бағдарламада тағы бір спортшымыз Елизавета Голубева (1:56.84) 8-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдамалар төрт әлем Кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша үлестіріледі.