
Таеквондодан Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан U21 арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Жарыстың бірінші күнінде-ақ 87 келіде сынға түскен отандасымыз финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунённен басым түсті.
Айта кетейік, 21 жасқа дейінгі әлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып жатыр.
3-6 желтоқсан аралығында жалғасатын жаһандық додада 79 елден 452 спортшы бақ сынап жатыр.